Болмаған соң түйсігі, түсінігі – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Болмаған соң түйсігі, түсінігі» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болмаған соң түйсігі, түсінігі,
Қайдан болсын бойында кісілігі.
Кісілігі жоқтарға ешқашанда,
Ешбір жанның түспесін ісі, күні.
Кездестік қой қу сұмның талайына,
Адамдықтан айырылған анайыға.
Қулық, сұмдық ойлармен олардың да,
Ақ түскенін көрдік қой самайына.
Зымияндық тұрады түрлерінде,
Мәймөңке келер сөзі, үндері де.
Масқара боп қаларын қара бет боп,
Біле ме екен күндердің күндерінде.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері