Жадымда әлі

Бұл бетте «Жадымда әлі» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жадымда әлі.
Ол кезде жаз болатын,
жаз болатын жер-дүние назданатын.
Көкірегіме бақыт кеп құйылатын,
Аспан сілкіп жіберсе боз қанатын.

Жазға деген жанымның құштары анық,
Ай сыланып, жүретін құс таранып.
Төбемнен қалқып түссе қауырсындар,
Мен Сізге хат жазар ем ұстап алып.

Жүрегіме Сіз еккен ақ гүл өсіп,
бас айналып жүрер ем, бақты кешіп,
Есіңде ме,
таңда да, бесінде де,
Тұрар еді жанымнан жастық есіп.

Ескі жылдан есіме бір жетті елес,
Гүлге оранған қалада гүлдесте-кеш.
... Мені мәңгі сүюге, аялауға,
Сағынуға ешкім де міндетті емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жадымда әлі өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Жадымда әлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жадымда әлі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жадымда әлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері