Шексіздікті іздеу

Бұл бетте «Шексіздікті іздеу» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Аспан түбі болмаған, шектелмеген,
Жетпес ешкім жол-сапар шеккенменен.
Мәнін әлі білген жоқ мәңгіліктің,
Бұл адамзат өзінше тексергенмен...
Өткісі бар айналып шын жауаптан,
Пенделіктің жемтігі шырғалатқан.
Тағдыр сыйын тартқанды тани алмай,
Нәпсі жеңіп, құрдымға сырғанатқан.
Жаратқанын сездің бе жарықты кім?
Тұйығы жоқ, шеті жоқ, анық білдім.
Айдан асып, арманым орындалмай,
...Емес пе екен ол менің ғарыптығым?!
Шексіздікке ұқсатқан қиялымды,
Мұғжиза етіп жалғаған тұяғымды.
«Ием менің, қайдасың?» – дегендерге,
Құпиясын Жаратқан құя білді...
Өз иесін – Аллаһын іздегенге,
Беріпті мол күдерін үзбегенге.
«Бисмилла» – деп қолыма қалам алам,
Жолықсам деп өлмейтін ізгі өлеңге.
Бейшарамыз жүрген сол сенделіп бір,
Бетімізде бес елі пенделік кір.
Жүйесімен жүйткітіп жер мен көкті,
Неткен ұлы құдірет меңгеріп тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шексіздікті іздеу өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Шексіздікті іздеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шексіздікті іздеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шексіздікті іздеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері