Аллаһқа шүкір – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Аллаһқа шүкір» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1109
Аллаһқа шүкір,
Күй кешіп жүрмін тамаша.
Көңілдің көзін
Жайнатты атқан таң аша.
Арадан өрген
Нараздық-өкпе осылай,
Көктемгі будай
Көтеріліп бір тараса...
Тіліміз келіп,
«Кешірші!» деген шындыққа,
Ашыққа шықсақ
Қалтарыстардан мың бұқпа.
Өзгеріп өмір
Тіршілік тербер бесіктей,
Болмайтын еді
Менмендік деген сұмдық та.
Аллаһқа шүкір,
Сен берген жолдан нұрландым,
Келмейді енді
Ласқа батып былғанғым.
Пайғамбарымыз
Көрсеткен мінез – көркіміз,
Әнеки, күліп,
Көтерді басын қырдан күн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аллаһқа шүкір өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Аллаһқа шүкір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аллаһқа шүкір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аллаһқа шүкір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері