Сағыныш элегиясы – Ұларбек Дәлейұлы

Бұл бетте «Сағыныш элегиясы» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 693
Аңсадым-ау!
Өзің жайлы алғызармын қайдан хабар,
Біз қауышқан көктемгі бақ саған құшақ
жайған болар.
Мұнар басқан қала жолын жалғыз ұзақ серуендеймін,
Сағым елес жолын алдап құмда қалған керуендеймін.
Бастап барып әлденеге қыз көктемнің жұпар лебі,
Сан мыңдаған адамдардың толқындары жұтар мені.
Жүрегімде шердің табы,
Көкірегімді басқан аптап,
Әбден таныс уайымнан қашып келем сасқалақтап.
Таңғы азаннан сілкінеді талықсыған қала таңы,
Құмар қылған сан кірпіктер жебе болып мені атады.
Сарсаң қылған жолдарыңа жайып
көктем жапырағын,
Сені үнсіз шақырады Түркістанның топырағы.
Сатып кетті сан достарым бұл сапарға бірге шығып,
Ұмыт болған өткеніме өкінемін тым кешігіп.
Бақыт жайлы толғанбаймын,
Ол да ермек емес маған,
Жалғыздығым – жұбанышым,
Одан кейін сені еске алам.
Көңілсіз бір түс көремін, тал түсте де ояу жүріп,
Соңыма ерген күшіктерге таныстарша қоям күліп.
Салғырт күндер санамды езіп сағынышқа желімдейді,
Өзім сенген жандар мені жылатудан ерінбейді.
Шаршасам да жолдарыңа жайып үміт керегесін,
Қараудан бір жалықпаймын вагондардың терезесін.
...Сарсаң қылған жолдарыңа жайып көктем
жапырағын,
Сені үнсіз шақырады Түркістанның топырағы.
Мен сенемін сел боп аққан тыйылар-деп жасым
бір күн,
Міне солай сенсіз көрген күлкіден де қашып жүрмін...

06. 03. 2005ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш элегиясы өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш элегиясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш элегиясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш элегиясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері