Қосамын бәйгелерге өзімді-өзім

Бұл бетте «Қосамын бәйгелерге өзімді-өзім» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 867
Бітпейді тіршіліктің бейнеті мол,
Қамшыдай жон арқамды кейде тілер.
Көргенім көкірекке сәуле беріп,
Біртіндеп көшеттердей ой жетілер.
Табылар жолын қусам іздегенім,
Қамбама дән боп толар күздегі егін.
Бір ауық ойланамын оңашада,
Шынымен не күтеді бізден елім?!
Көп жорттым Халқым сенің көмекшің боп,
Ел үшін тер төккенге не жетсін деп.
Өзімді-өзім тауып әкелмесем,
Келмейді маған ешкім керексің деп.
Пенденің тағдыры бар дара сызған,
Көнемін түскен іске шарасыздан.
Құрдымға кетер болсам, құрысын деп,
Табыла қояр ма екен жанашыр жан?!
Аршимын тас-құмдардан сезім көзін,
Осы деп отан үшін төзім, кезім...
Басымнан сипамайды бармысың деп,
Қосамын бәйгелерге өзімді-өзім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосамын бәйгелерге өзімді-өзім өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Қосамын бәйгелерге өзімді-өзім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қосамын бәйгелерге өзімді-өзім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қосамын бәйгелерге өзімді-өзім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері