Көгершіндер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көгершіндер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2137
Көгершіндер, көгершіндер,
Мәңгі өсіп-өнерсіңдер.
Алла берген тіршілікті
Елмен бірге көрерсіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Маған анық сенесіңдер.
Сондықтан да, әрбір таңда
Тереземе келесіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Маған сәлем бересіңдер.
Сендер үшін шашып қойған
Нан түйірін тересіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Күнде ерте келесіңдер.
Бейбіт өмір жыршысы деп,
Шындап көңіл бөлесіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Бәрін аңдап көрерсіңдер.
Қайырымды жандар үшін
Шексіз алғыс төгесіңдер.
Көгершіндер, көгершіндер,
Мәңгі өсіп-өнерсіңдер.
Адамдарға адал болып,
Бақыт нұрын себерсіңдер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көгершіндер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көгершіндер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көгершіндер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көгершіндер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері