Қазағымның тойлары-ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қазағымның тойлары-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3421
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Қазағымның жайлауына қара,
Тауларының қойнауына қара.
Соншалықты сұлулыққа толы,
Таң-тамаша тойларына қара.
Жазғытұрым құлпырады дала,
Тайға мініп, құлдырайды бала.
Алтыбақан ай астында түнде,
Қыз бен жігіт тербеледі бірге.

Қайырмасы:
Берекем-ай,
Мерекем-ай,
Сыйлаған салтанатын дарқан өмір-ай.
Жастарым-ай,
Достарым-ай,
Толқыған дариядай шалқар көңіл-ай.

Құда түсу, сырға салар тойы,
Тұсау кесу, тоқым қағар тойы.
Көкпар тарту, дода, салым, сайыс,
Атқа шабу, айтыс, жаяу жарыс.
Ет асылып, қайнап жатар шәйі,
Қойылады құрт пен женті, майы.
Жал мен жая, қымыз, қазы-қарта,
Тойшыл, әнші халық арқа-жарқа.

Қайырмасы:
Ағалар-ай,
Балалар-ай,
Той тойлап құтты болсын келгендерің-ай.
Аталар-ай,
Апалар-ай,
Ақ бата қабыл болсын бергендерің-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазағымның тойлары-ай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қазағымның тойлары-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазағымның тойлары-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазағымның тойлары-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері