Бесіктегі нәресте не біледі? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бесіктегі нәресте не біледі?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1330
Бесіктегі нәресте не біледі?
Еркелетсең – елігіп, емінеді.
Сырт айпалып, сыртымнан сырластарым
Ақын емес деп жүр ғой көбі мені.
Түсініңдер, туғандар, тегі мені,
Кейде жаным желпініп, желігеді.
Жазайын деп жазбаймын жырларымды,
Өнер өзі өлең боп өріледі.
Кең дүние не деген керім еді?
Қас сұлудың қасындай керіледі.
Бар табиғат тілдесіп, үндесіп бір,
Мөлдіреген маржап боп төгіледі.
Санасаңдар санаңдар сері мені,
Санамаңдар сергелдең пері мені.
Найзағайдай жарқ етіп, нөсерлетіп,
Нағыз ақын бір күні көрінеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бесіктегі нәресте не біледі? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бесіктегі нәресте не біледі? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бесіктегі нәресте не біледі? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бесіктегі нәресте не біледі? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері