Демалыс сағатында – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Демалыс сағатында» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1858
Демалыс сағатында –
Еркіндеп қаласың да.
Боласың ойнап-күліп,
Қанатты қағатын да.
Сабақтан босағасын,
Жүгіріп жоса аласың.
Бірақ та, біржолата
Мойының босамасын.
Көңілді суытпағын,
Жалқаулық жуытпағын.
Ертең де сабақ бар ғой,
Балақай, ұмытпағын.
Кітапты құнттағын,
Сөздерін сұрыптағын.
Мектепке оралғанда,
Бәрін де біліп барғын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Демалыс сағатында өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Демалыс сағатында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Демалыс сағатында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Демалыс сағатында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері