Шерлі болған шаруа – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шерлі болған шаруа» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1063
Үптеп ұры қораны,
Шаруана тонады –
Шарбақты еркін шарлады,
Тінтіп еден, қабырғаны, қуысты,
Ұяты жоқ тіміскі
Ілінгенін қармады.
Тап осылай шаруа шын
Бай боп жатып, кедей болып тұрды енді,
Дорба асынып, кезсең-дағы күллі елді,
Мұндай істі Тәңір басқа салмасын.
Алдырған жан зарлады;
Құда, жекжат, жақынды,
Туыстарын шақырды:
«Қандай көмек болады, – деп, – таты
Бұл істі әркім әр саққа сап талдады,
Және ақыл көп қосты.
Карпыч құда деді сонда:
«Эх, достым!
Айналаға еттің бекер дабыра,
Байлығыңды жан-жақты».
Климыч те деді оған: «Шарбақты
Үйге жақын орнатқан жөн соңыра».
«Эх, туғандар, дұрыс емес бәрі де, –
Деді Фока салмақтап, –
Әңгіме жоқ шарбақта,
Қабаған ит ұстау керек, әрине;
Біздің қаншық күшіктеген жаңадан,
Сол күшіктің біреуін ал қалаған.
Суға ағызып жоғалтқанша көзін мен,
Бөлісемін өзіңмен».
Қысқасы сол, жора-жолдас, ағайын
Айтты ақылдың талайын.
Бірақ, нақты керекті
Біреуі де көрсеткен жоқ көмекті.
* * *
Мұқтаждыққа душар болсаң, қой біліп,
Достарыңа емінбе:
Құр кеңеспен жібереді тойдырып,
Тайқып шығар тегінде.
Жақсы досың да
Қалмас қасыңда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шерлі болған шаруа өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шерлі болған шаруа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шерлі болған шаруа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шерлі болған шаруа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері