Қолтырауын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қолтырауын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2134
Ыстық жақтың көлдері,
Өзендері – мекені.
Қатар-қатар көн тері,
Қалыңдығы екі елі.
Аузын ашып апандай,
Жүзеді екен ақырын.
Балықтарды бақандай
Жұтады екен батырың.
Қолтырауын қомағай,
Қанша сұсты болса да,
Бұрыла алмас ол оңай,
Жылдам емес оншама.
Асып-саспай, артына
Бұрылғанша оралып,
Кейбір балық шарқ ұра,
Кетеді екен жоғалып.
Қолтырауын сол шақта
Дәулігіне қарамай,
Көзден жасы моншақтап,
Жылайды екен баладай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолтырауын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қолтырауын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолтырауын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолтырауын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері