Мақсат – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мақсат» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1875
Биігіне шығам деп,
Армандаған белестің,
Сүйенерім шыдам боп,
Қиындықпен егестім.
Табанымды тіреуге
Тимесе ебі дөңестің,
Кінә тағып біреуге,
Сенен болды демеспін.
Жабырқаған кезде мен
Қабырғаммен кеңестім.
Мақсатыма көздеген
Жетпей тынбақ емеспін.
Аз тірлікке алаң боп,
Шықпай қалса көмескі үн –
Бұл өмірде адам боп,
Неге туып, неге өстім?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақсат өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мақсат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақсат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақсат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері