Ауырмай жаным қиналды!

Бұл бетте «Ауырмай жаным қиналды!» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.12.2015
  • 0
  • 2
  • 117189
(І - НҰСҚА)

Ауырмай жаным қиналды,
Ауытқып жүрек орнынан.
Уайым қоршап мені алды,
Жігерім жасып болды нан.
Болса да жүйрік ой ұшқыр,
Өзіме өзім жақпадым.
Өміріме жол нұсқар,
Ақылшы адам таппадым!
Бақытты тіршілік өмірге,
Басылмас менің құмарым!
Алысқан көп ой көңілде,
Кім біледі немен тынарын,
Жүректе - сәуле, ойда - шам,
Жарығы шықпай ішімнен.
Ауырмай жаным қиналам,
Жадына сақтар түсінген.

(ІІ - НҰСҚА)

Ауырмай жаным қиналды,
Ауытқып жүрек орнынан.
Уайым қоршап мені алды,
Жігерім жасып болды нан.
Бақытсыз сорлы болдым да,
Өмірдің кештім батпағын.
- Адаспа, қалқам, жол мұнда,
Деп айтар адам таппадым.
Жүректе - сәуле, ойда - шам,
Шықпады іштен жарығы.
Ауырмай жаным қиналам,
Көңілдің өртеп жалыны.


Пікірлер (2)

Нүке

керемет маған ұнады

Дархан

Мұқағали Мақатаевтың Ауырмай жаным қиналды! өлеңі кекремт ұнады, екі нұсқасы да жақсы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауырмай жаным қиналды! өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Ауырмай жаным қиналды! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауырмай жаным қиналды! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауырмай жаным қиналды! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері