Өлең, жыр, ақындар

Ұнатамын мен сені

  • 10.06.2019
  • 0
  • 6
  • 46456
Ұнатамын мен сені, дегенменен,
Көрмегенді басқадан, сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Ғайып болсам бір күні егерде мен.

Қайырмасы:

Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Өмірімнің өлшемі,
Ұнатамын.
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын.
Ұнатамын мен сені.

Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін өзіңе асау қылық.
Сенің ғана еркіңе бас алдырып,
Жүре берем, бұ неткен жасандылық.

Қайырмасы.

Ұнатамын мен сені, бірақ-бірақ,
Мейіріңді қайтейін жылап сұрап.
Ұнатамын дегенім жасандылық,


Пікірлер (6)

Балгабеков Муздакбай

Бул отте керемет

Серікбекұлы Мирас

Өте оңай жаттауға бірақ өте күшті өлең екен

Жомарт

Мұқағали Мақатаевтың Ұнатамын мен сені өлең керемет!!

Нұрсұлтан

Супер

Айка жас қыз

Өте керемет сайысқа айтамын♡

Ерік

Мұқағали Мақатаевтың «Ұнатамын мен сені» — жүректен шыққан шынайы сезім поэзиясы! Бұл өлеңде ақын өзінің ішкі сезімін, арманын және сүйіспеншілігін айқын әрі әсерлі тілмен жеткізеді. «Ұнатамын мен сені, арманымдай еңселі… Жүрегімнің бөлшегі, ұнатамын» деген қайырмасы — махаббат пен сағыныш сезімінің нәзік әрі терең көрінісі.

Өлеңнің мәтіні көрсеткендей, бұл махаббат жай ғана сөз емес — адам өмірінің өлшемі мен жүрек түйсігінің бөлшегі, сол себепті ол оқырманға махаббаттың әр түрлі қырларын әрі сезімнің мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Мұндай поэзияны оқу мен талқылау — қазақша поэзияны сүйетін жаңа оқырмандарды тартуға, әдебиетті интернетте кеңінен танытуға және ұлттық сезімдер мен махаббат тақырыбын насихаттауға үлкен ықпал етеді.

Пікір қалдырыңыз

Жазылар естеліктер мен туралы

  • 1
  • 12

Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Толық

Жантықтың туысқаны

  • 1
  • 4

Адамның баласынан жерімеп ем,
Достастым періменен, серіменен.
Жөніңе кет, жарқыным, жөніңе кет
Ат кекілін кестім мен сеніменен.

Толық

Сырқат сыры

  • 1
  • 2

Тағы, міне, таң да атты.
- Сырқатыңыз салмақты...
Ішкен шарап, жеген ет,
Баурыңызды жалмапты.

Толық