Ұйқамақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұйқамақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1067
Қасқыр қасқыр еді,
Қас албасты басқыр еді.
Жесем екен дей берді,
Қояннан бастап жей берді.
Қойды қой демеді.
Сиырды дөй демеді.
Жылқыны алқымдады,
Түйеден де тартынбады.
Қарыны тойған ба?
Ой, тоба!
Көзі тоймады,
Шабуылын қоймады.
Аяқтан шалып,
Алқымнан алып,
Жарып тастай берді,
Басқа да шабуылын бастай берді.
Бұл хабар жетіп алыстан,
Аң патшасы Арыстан
Алып келуге Қасқырды
Уәзірлеріне тапсырды.
Қасқыр патшаға дес бермеді.
Құдіретті екенін ескермеді.
Артық қылмыс жасамадым деп,
Артық асамадым деп,
Ақталып бақты,
Дәлелдерден соң нақты,
Мойындап қылмысын,
Кешірім сұрап тұрды шын.
Болса да ауыр қылмысы,
Патшаның оған бұрды іші:
– Иә, көп алмайын мазаңды,
Жеңілдетейін жазаңды.
Орының еді абақты,
Жазадан алар деп сабақты.
Бекітемін ұйқамақты.
Бұрынғы еркелікті тастайсың,
Үйіңнен аттап баспайсың,
Шет елге де қашпайсың.
* * *
Өз ниетіне жұғымды
Қасқыр мұны ұғынды.
Арыстанның аяғына жығылды:
– Тақсыр, ұсыныңызды құптаймын,
Айтқаныныздан шықпаймын.
Деп бас иді, Іштей көңілі тасиды.
Өйткені, Қасқырдың иелігінде,
Бір төбенің жиегінде
Бірнеше га жері бар еді,
Дөңгеленген көлі бар еді,
Бой сергітер белі бар еді.
Жайқатылған құрағы бар еді,
Жеп тұратын лағы бар еді.
Сондай үйі болса,
Керемет күйі болса,
Ұйқамақ – «ауыр» жаза ғой,
Нағыз маза ғой.
* * *
Қазіргі жаза осы да,
Іс түсе көрмесін басыңа.
Бірақ, достым, шошыма,
Қосыларсың қайта қосыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқамақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұйқамақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқамақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқамақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері