Шыдам – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шыдам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1552
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Балам да балам, балам-ай,
Барады-ау не боп заман-ай.
Бесеуің үшін бір етік,
Қалғанын қайдан табам-ай?
Жоқшылық зарын тартамын,
Жоғымды кімге артамын?
Күніміз – күйкі тіршілік,
Талқаны – талғау арпаның.

Қайырмасы:
Әлди, әлди, әлди, әлди, әлди.

Ауылдың сәні жоғалды,
Ауылдың малы тоналды.
Күніміз ертең не болмақ,
Ойлайтын кім бар обалды?
Тартылды сулар арынды,
Адамның пейілі тарылды.
Өлшенген өмір ақшамен,
Жегідей жейді жанымды.

Қайырмасы.

Арта алмай иек сенімге,
Көлеңке түсті көңілге.
Тамаша, думан, той түгіл,
Бара алмай қалдық өлімге.
Шырқырап жаным шарқ ұра,
Қиналам қымбат нарқыма.
Жетпесін тағы бір нәубет
Қазағым деген халқыма.

Қайырмасы.

Бекем де бекем, бекембіз,
Берілмес халық екенбіз.
Қайыспас қайсар қалыппен,
Бұдан да аман өтерміз.
Әлди де әлди шырағым,
Жасыта алмас мына күн.
Болады түбі жақсылық,
Шыдағын, шыда, шыдағын!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыдам өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шыдам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыдам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыдам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері