Елесіңді іздедім – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Елесіңді іздедім» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 586
Сездіргенмен сыз-демін,
Ойымды ұғар күз менің.
...Нөпір елдің ішінен,
Елесіңді іздедім.
Ақ түс сыйлап ақ таңым,
Сені іздеп ем – таппадым.
Тамып кетті көз жасым,
Қауызына мақтаның.
Жыр құятын тілге ерек,
Сен сыйлаған гүл бөлек.
Есенғали ағамның,
Құстары, айтшы бір дерек...
Қуарғандай құрағым,
Суалғандай бұлағым.
Дерегіңді көктегі
Жұматайдан сұрадым.
Көз жасы боп күндердің,
Оңашада мұңды емдім.
Табасың ғой іздесең,
Жырым болар – шын белгім.
Көзге ілмеп ем өзгені,
Мұны жаның сезбеді.
...Еніп келші, бейнеңе,
Алғаш көрген кездегі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елесіңді іздедім өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Елесіңді іздедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елесіңді іздедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елесіңді іздедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері