Бұл бетте «Дүниежалған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өлінің көңілін тірі аулар,
Тірінің көңілін кім аулар?
Өткен бір күнде өксік бар,
Кеткен бір күнде жылау бар...
Бейопа күннен белгі жоқ,
Бесінге қарай күн аунар.
Табақтағы асқа тəбет жоқ,
Қабақта, қаста қырау бар...
Маңайды көзбен ішіп-жеп,
Самайды сипап-сылау бар.
Қаңтардан келсе бір хабар,
Қайтқан құс көкте тыраулар.
Қақсатпай тілді тынбайтын
Қақаған қыста тымау бар.
Қилы да қилы пендеге
Қиямет күні сұрау бар...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі