Күн жылайды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Күн жылайды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1021
Күн жылайды,
Тұнжырайды қас-қабақ.
Кеще өмірім кешегімнен басқарақ:
Сөздің мəні – жалаң,
желең,
желбуаз,
Көздің бəрі алабажақ, ашқарақ!
Күн жылап тұр,
Тұнжырап тұр бар аймақ.
Мен мезімін,
Сенің халің қалай, бақ?
Əлдекімге кіжінемін əйлеңкес,
Алпыс екі тамырымда қан ойнап!
Күн жылайды,
Бұлжымайды бұл мəніс,
Тəн тақуа,
Жан-дүние былғаныш.
Ерінгеннің етегіне жармасып,
Көрінгеннің жетегінде жүр НАМЫС.
Күн жылап тұр,
Былжырап тұр бар маңай.
Өмірім-ай...
Өгіз жеккен арбадай.
Ұлы жұртта Айға ұлыған ҰЯТ-ай,
Бақыр ғұрлы бағасы жоқ АРМАН-ай!..
...Күн жылап тұр,
Тұнжырап тұр бар маңай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері