Бұл бетте «Әкемнің құдасына айтқаны» атты Кенен Әзірбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
— Бай құдам бар деп мен жатырмын,
Қай құдам бар деп сен жатырсың.
Қатық ішіп сен жатырсың,
Қатып-семіп мен жатырмын.
Мен құда болғанда,
Жирен шолақ құнаның бар еді,
Екі ғана құлағың бар еді,
Басында жаман тымағың бар еді,
Атың жоқ еді, таяғың бар еді,
Жалғыз қара шұнақ лағың бар еді.
Дәулетің менімен тең еді,
Мен қашан сенен кем едім?
Жал біткен соң жалтарған,
Не қылған арсыз неме едің?!
Құдағи бар, құда деп,
Әдейі мұнда келгенім.
Сенің қызың бойжетті,
Менің балам ержетті,
Екі жасты қосалық,
Ұнасқан жасқа біз де бір
Рақымшылық жасалық.
Кешегі күнде жарлы едің,
Төгілме тасып соншалық!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі