Иə, мен тұтқындамын, тұтқындамын
Бұл бетте «Иə, мен тұтқындамын, тұтқындамын» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Иə, мен тұтқындамын, тұтқындамын,
Тордағы Тоты құстың ұқтым халін.
Кімге мен мезгілімді ұрлатпадым,
Кімге мен мерезімді жұқтырмадым?..
Мезгілім – аққан жұлдыз,
Ақын жасы.
Мерезім – өлі ұйқының жатырласы.
Айрылған жалғызынан жесірдейін
Жүрегім, аһ ұрмашы, аһ ұрмашы?..
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі