Есімде
Бұл бетте «Есімде» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұралаған тірліктің,
Тараймын кеп тұлымын.
Шейіт болған шындықтың,
Жемдеп жүрмін құлынын.
Жертөледе – мейірім,
Маңдайынан сипадым.
Пәтері жоқ – пейілім,
Дәмі ұмыт боп құйқаның.
Талабым ба?
Тұр әне,
Тасқа ұрылып тағасы.
Ұлықтардың ұраны,
Болыпты оған табашы.
Алдан самал есе ме?
Өң мен түсті айыршы.
Қанағатым – көшеде,
Атаныпты қайыршы.
Жол болмайды кіл неге?
Сайтан, білем, жолықты.
Адалдығым түрмеге,
Отыратын болыпты.
Бақыт кеткен қаңғырып,
Келімсекпен.
Есімде.
… Әлі отырмын мәңгіріп,
Ойдың көлеңкесінде…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі