Түрме – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түрме» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 782
Аша алмай өле-өлгенше түрме есігін,
Тербеймін таң атқанша түн бесігін.
Мен де бір,
Гүлзардағы бұлбұл да бір
Айта алмай мақтұм болған гүлге сырын.
Гүлзардың кімге керек жайнағаны?
Бұлбұлдың кімге керек сайрағаны?
Жұтынған сырты Жұмақ,
Іші Тамұқ
Түрмеден шығатұғын айла кəні?
Көңілім бір күн босаң,
Бір күн масаң,
Түн мені тұтқындайды,
Күнді ұрласам.
Аяқты адым сайын құрсаулаған
Алқаға айналады шынжыр қашан?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері