Сырласайық енді үнсіз
Бұл бетте «Сырласайық енді үнсіз» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір өзіңді жаным дермін,
Болмас менде жалқы мұң.
Жанарыңнан жалын көрдім,
Жалын көрдім, алтыным!
Сезіндіріп таң самалын,
Нұр толтырып көзіме.
Қанша жылдар аңсағаным,
Оралдың-ау, өзіме.
Сезіндірген жанға құтты,
Айналайын, арман-шың!
…Өн-бойыңа бар бақытты,
Қалай жинап алғансың?!
Жеңе алдым ба, күш-егесте,
Тағдырымның азабын?
Өңім бе өзі?
Түс емес пе?
Осы көрген ғажабым?!
Баяулады даусым не ғып,
(Сәттерім-ай, ең мұңсыз).
Айтар сөзім таусылды анық,
Сырласайық енді үнсіз…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі