Жазғы түнде

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.08.2021
  • 0
  • 0
  • 11844
Судай сұлу қара көз
Сүйгеніне берген сөз:
Белгілі жерден табылмақ,
Қараңғы жаздың түнінде.
Жатқызып тегіс үй ішін,
Қысып сүйді сіңлісін,
Сырлас тете бауырдан
Айырылу жеңіл ме?
Алдыңда алтын бағың бар!
Жолдасың шын сүйген жар.
Баққа аяқты батыр бас,
Күрсінбе, сұлу, егілме,
Буыннан қалің кетіп тұр,
Тыста жарың күтіп тұр.
Ақ көйлегің көлбектеп,
Шық тезірек, бөгелме.
Шыққанда қорқып сасқаның,
Дірілдеп түсің қашқанын.
Асығып күткен жарыңа,
Білдірме, сұлу, күлімде.
Мініп жігіт жүйрігін,
Тұмарлап кекіл, құйрығын
Іңірден келіп күтіп тұр.
Серттен таяр ерің бе?
Жігітте арман қалды ма?
Алды жарын алдына.
Шу, деп шауып жөнелді,
Бір қолы сұлу белінде.
Жігіт жарын құшады,
Қолдан тізгін босады,
Сенді саған екеу
Енді жүйрік, сүрінбе!
Жетсін жастар ауылға,
Ұрынбасын жауынға.
Алдарында бір-ақ бел,
Таң, тұра тұр, білінбе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы түнде өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Жазғы түнде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жазғы түнде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы түнде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері