Туа біткен қандай көрік – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Туа біткен қандай көрік» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 562
Туа біткен қандай көрік,
тамсанумен құрғады үн.
Тамыздағы таңдай болып,
тамылжып-ақ тұрғаның!
Жыл бойына жұрт үкілеп
жеке баққан құлындай.
Жанарыңа күлкі түлеп,
жәудіреген түріңді-ай!
Қарай-қарай көңілі ауып,
қара бассын дедің бе,—
бұлдырықтай омырауың,
қылдырықтай белің де.
Жүрсін деп пе ең дымы құрып,
үміті де үзілмей,
Еріндерің тұр үгіліп,
енді піскен жүзімдей.
Тасып аққан Іледейін,
толық қара бұрымың.
Қалай ғана жүдемейін,—
құрттың мені, құрыдым!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туа біткен қандай көрік өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Туа біткен қандай көрік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туа біткен қандай көрік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туа біткен қандай көрік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері