Ішінен қайталап бір күйді – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ішінен қайталап бір күйді» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Ішінен қайталап бір күйді,
күн күйді,
қозы-лақ мүлгиді,
тозып-ақ бара ма қыраттар,
жырақтар — қыранды,
қырғилы.
Күйелеп-күйелей көкті де,
құдайы көрместей етті ме,
бау-бағың биедей шұрқырап,
тауларың түйедей шөкті ме?!
Жорықтан оралған жандайын,
тобарсып барады таңдайым.
Үкісі үлбіреп қамыстың,
үрпие қалыпты тал,
қайың.
Арғымақ арқырап ақпайды,
балбұлақ сарқырап жатпайды.
Көненің көзіндей көрінген,
төбенің басынан бақ тайды.
Құмдары сырғиды мұң еріп,
шыңдары мүлгиді түнеріп.
Шыдамы таусылған батырдай,
дәрменсіз шынары шіреніп...
Күн нұры алдаған тұл емен,
тұлдыры қалмаған,
жүдеген,
Қаздарын қондырмай көліне,
даланың желі ме үдеген?
Тамызым,
десем де,
тамыз-ақ,
үдеп тұр әлгі бір аңызақ.
Тозып-ақ кеткен қыр-беткейге
қозы-лақ барады тағы ұзап.
Кінәлі баладай бүрісіп,
қарағай тұр әлі құнысып.
Діңкемді құртып-ақ менің де,
көгімде қарақұс жүр ұшып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ішінен қайталап бір күйді өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ішінен қайталап бір күйді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ішінен қайталап бір күйді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ішінен қайталап бір күйді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері