Әке – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Әке» атты Алма Түсіпбекова жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 641
Сенде, менде - өзге мұң,
Ал, армандар туралған.
Сен сүйетін көздерім,
Жаспен бүгін суланған.
Ағып өткен ағын боп,
Күндерін-ай, көктемнің!
Көздерімде сағым боп,
Бұлдырайды өткен күн.
Қатталады десте-мұң,
Шайпау тірлік шалғанда,
Шаттық өмір кешкенім,
Шын ба еді, өзі, жалған ба?
Рас, білем, шаршадым,
Тағдырменен тіресіп.
Арман!
Сені аңсадым,
Тұратұғын гүл өсіп.
Өтіп жатыр күн-айым,
Жағып алып мұңды арға.
... Айтшы маған, құдайым,
Жасым кебер күн бар ма?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әке өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Әке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әке өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері