Сәбитке

Бұл бетте «Сәбитке» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 925
«Көркем сөзге қаламы
Көрмеген әсте мұқалып,
Мұны жазған адамы
Кәдімгі Сәбит Мұқанов», —
Дейтұғын, кеудесінен өлең тасқан
Ақын ол, маған таныс бала жастан,
Қаламын — найза, сөзін — етіп бомба
Дауылда жауға қарсы араласқан,
Тонының жортуылда шаңын сілкіп,
Жолдарға кедір-бұдыр қарамастан,
Болғанша қара шашын қырау шалып,
Асылын аймағына аямастан
Шарықтай берді шыңға қанат қаға,
Қияға құлаштаса қаламы асқан!
Секілді Көкшетаудың күміс көлі
Құйылтты сөз мөлдірін мәрмәр шашқан.
Жаны — жаз, жүзі — жарқын, жақсы ағаны
Дер едім — өзі де бір жатқан дастан.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәбитке өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Сәбитке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәбитке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәбитке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері