Фаризаның мінезі – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Фаризаның мінезі» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 903
Бір пайғамбар бір өзі,
Таусылмайтын жыр өзі.
Ел аузында - бір аңыз,
Фаризаның мінезі,
Фаризаның мінезі.
Аңыз болған бұл дастан,
Айтылады тынбастан,
«Ашуы оның жарқ етіп
суырылған алдаспан».
Мінезі оның қатал-ақ,
Мінезі оның шатақ-ақ.
Сондықтан да иіліп,
Тұрар бәрі «апалап».
Көз жеткізбей нарқына,
Сыр сақтамай артына.
Аңыз айтқан осылай
Аң-таң болам халқыма.
Бірде боран азынап,
Бірде тұрған аңызақ.
Бұл өмірде ақынның
Жаны жіптей нәзік-ақ.
Іркітіндей айранның,
Заман мына толған мұң.
Сол бір жіптің үзілмей,
Жүргеніне қайранмын.
Алданышы - жыр ғана,
Алданышы - сыр ғана.
Періштедей жүрегі,
Ақын деген - бір бала.
Фариза қыз осындай,
Мінезі бар жасындай.
Кім екенін пасыққа
Фариза айтар жасырмай.
Бас ұрар тек байлыққа-ай,
Жүретұғын қайғы ұқпай,
Кім екенін өзгеге
Фариза айтар қаймықпай.
Жабағы мұң сіресіп,
Тар жол-тайғақ, тіресіп.
Жамандықпен осылай
Фариза жүр күресіп.
Шындықты айтып шыдамай,
Онысы елге ұнамай
Фариза жүр. Ал... заман
алағай да, былағай.

Құлсары. 1996 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фаризаның мінезі өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Фаризаның мінезі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фаризаның мінезі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фаризаның мінезі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері