Ақ қасқыр – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Ақ қасқыр» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1101
Шыңда тұрып үзілердей жұлыны,
Ол аспанға қарап тұрып ұлыды.
Неге ұлыды, түсінбедім, ақ қасқыр,
Тың тыңдайды тұнжыраған түн – ұры?!

Ақ қасқырдың Айға сіңген мұңды әнін,
Көзімнен жас үзіп тұрып тыңдадым.
Қобызы мен сыбызғысын қалдырып,
Ғасыр, сен де асылдарын ұрладың.

Күлдігінде қалған күміс көзеде,
Жазулы тұр ирек таңба – сөз, өре.
Құмға айналған қорымдағы көп бастың,
Енді қайтып бірікпесін сезе ме?!

Мәңгүрт – сынды ұмытып кім екенін,
Жақындарым болып кетті бөтенім.
Аспаныңды аңсай берме сен де енді,
Шыңда ұлыған қасиетті тотемім!

Тас басында жан алатын Қалбұттай,
Тас заманын қаншық қасқыр қалды ұқпай.
Бұл не сұмдық құлағымда ұлыған,
Қанымның әр түйіршігін қалғытпай.

Әніңді сап айқайлайды жартас құр,
Міз бақпайды тастар – бақталастар кіл.
Шыңнан түсіп жерге бүгін оралам,
Мені әзірге мазалама, ақ қасқыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ қасқыр өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Ақ қасқыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ қасқыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ қасқыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері