Ал ұшайық – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Ал ұшайық» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 912
Көртышқанның қылығына налыдың,
Жамап алдың жүрегіңе тағы мұң.
Оның түнек кеудесінен жалғанның,
Іздеп әуре болмай- ақ қой жарығын.

Түнек – кеуде білмес жарық дегенді,
Түсінбейді өнерді һәм өлеңді.
Бауырымен жорғалаушылар тобы – олар,
Қанаттым- ау, өз тобыңа кел енді.

Көртышқанда індер көп те, ырыс кем,
Дұрыс па оның көзесінен мұң ішкен ?!
Тағдыр бізге алтын топшы сыйлады,
Бар ғой біздің қанатымыз күмістен.

Көртышқанға қырандардың мұңы не-
Бар бақыты- дән тасу ғой ініне.
Біз олардың індеріне сыймаймыз,
Біз олардың түсінбейміз тіліне.

Көрмеген- ді Көк пенен Жер түйісіп,
Және ешқашан көрмеген- ді қиысып.
Қанаттылар тобынанбыз біз деген,
Қайтайықшы бұлттарменен сүйісіп.

Найза шың мен найзағайды құшайық,
Жүген тағып жұлдыздарды тұсайық.
Сонсын күміс қанатымыз сыңғырлап,
Күнге қадап көзімізді ұшайық.

Көкті сүйген қырандарда жоқ маза,
Бір бірінен қалықтаумен кетті оза.
Биік деген сәл салқындау демесең,
Биік деген- мөп- мөлдір һәм тап- таза.

Бола берсін саршұнақтың дәні көп,
Бірақ оның ғұмырының мәні жоқ.
Көк аспанға ізімізді қалдырып,
Көк аспанға кетейікші жағып от.
Ал ұшайық...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ал ұшайық өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Ал ұшайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ал ұшайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ал ұшайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері