Халық әні – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Халық әні» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1205
Дүлей бір сезімдерді бастан кешіп,
Барады бұлттарды ерттеп, аспан көшіп.
Өсіп ек сықырлауық бесіктерден,
Ән десіп, аңыз десіп, дастан десіп.

Жаныңа жамайтұғын тағы да мұң,
Сарынын сағынамын, сарыламын.
Елеңдеп қыр басына шықтым енді,
Емексіп, естігендей халық әнін.

...Көгілжім көрінгендей көш сілемі:
Мінгені кіл нар, мая, бесті ме еді !?
«Басынан Қаратаудың...» деген дауыс,
Алыстан талып қана естіледі.

Күлдігіне көміп бір тастағаны:
Алтын аяқ, күмістеген тостағаны.
Қалдырып ал жүрекке қасида әнін,
Ғайып боп көз алдымнан көш барады...!

Әуенін жел жеткізіп талып, талған,
Аманат- асыл әнін алып қалғам.
Құлағын домбыраның бұрап енді,
Халқымның әнін берші салып, қарғам!

Жүрегім тыңдағанда егіледі,
Қайғысынан қабырғам сөгіледі.
Зарына қосылмаған қос ғашықтың,
Көл болып көзмоншағым төгіледі.

Тағдырдан болса да Алаш мың ұтылған,
Кезі жоқ үміті өшіп, үні тынған.
Авторы жоқ бұл әннің- халық қана,
Авторы әлде-е-е-е-еқашан ұмытылған,

Халқымның әнін берші cалып, қарғам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Халық әні өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Халық әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Халық әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Халық әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері