Тоқсандағы есен бол, ағаларым!

Бұл бетте «Тоқсандағы есен бол, ағаларым!» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Үлкенмен де, кішімен де біргемін,
Бәрі де әйдік: бірі сал, бірі керім.
Бәйкен және Баянның жолын берсін,
Жаңа келген жетпіске інілерім.
Есімдерін атасақ елең етіп,
Еркеленіп кім жүрмес ере кетіп?
Жүзге есен жетер деп ел тілеген,
Осылар ғой, Көкшетау, кереметің!
Ұзақ жастың болмайды кемшілігі,
Ол – Алланың мейірбан кеңшілігі.
Сүйген құлы жалғанда кең жүрсін деп,
Тіршілікке ұзартқан елшілігі.
Сонда саған жолдайды киелі жүк,
Киелі жүк көтерсең сүйеді жұрт.
Өзі ғана қорғайды өрт пен дерттен,
Ақ ниеттің әкеліп тілегі құт.
Жаратқанға жақпайды астамшылық,
Алпауыттар арандар бастан шіріп.
Сақтанғанды сақтайды,
Бұйыртпайды
Байлығыңды арамдық жатқан бұғып.
Ұзақ жасты келгені бағалағым,
Ол да өмір қолдаған дара дарын.
Адалдық пен тазалық сақтап жүр ғой,
Тоқсандағы есен бол, ағаларым!

14.03.2009.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоқсандағы есен бол, ағаларым! өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Тоқсандағы есен бол, ағаларым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоқсандағы есен бол, ағаларым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоқсандағы есен бол, ағаларым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері