Аққулар билегенде – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аққулар билегенде» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 939
Аққулар билегенде:
Күлімдеп Күн жанары,
Дүние нұрланады.
Сыңғырлап сырғалары
Ақ қайың ырғалады.
Аққулар билегенде:
Ақ маржан шашылады,
Əппақ гүл ашылады.
Құрақтар майысады,
Бұлақтар асығады.
Аққулар билегенде;
Мамырлап таң самалы,
Тамырда қан соғады.
Айлы түн аясында
Ғашықтар əн салады.
Аққулар билегенде:
Жадырап жас та кəрі,
Жан біткен мас болады.
Елжіреп ет-жүрегің,
Жанардан жас тамады…
Аққулар билегенде:
Адыра қалып қайғы,
Аналар қамықпайды.
Аяулы бесігінде
Албырап бала ұйқтайды.
Аққулар билегенде:
Əн жаулап жан-денені,
Сұлулар сəнденеді.
Алқынып, алабұртып
Аңсайсың əлденені…
Аққулар билегенде:
Айдынға Ай қонады.
Тамаша той болады.
Жер үсті бірер сəтке
Жұмаққа айналады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққулар билегенде өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Аққулар билегенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққулар билегенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққулар билегенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері