Қара меңің

Бұл бетте «Қара меңің» атты Раиса Жанайдарқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жарасып ақ бетіңе қара меңің,
Аңқиды жұпар иіс бала демің.
Жинаса дүниенің бар сұлуын,
Мен сені періштеге балар едім.

Қайырмасы:
Қара меңің,
Қара көзің.
Ынтығым күн-күн сайын арта берді,
Жұпар иісің.
Күміс күлкің,
Еріксіз мені өзіңе тарта берді.

Жұпардай Иран бақтың гүлімсің,
Арудың инабатты бірімісің.
Арқаның ақмаралы сияқтанған,
Қыздардың әлде өзің Пірімісің!

Қайырмасы

Тал бойың тауып бүгін жарасымын,
Жайнап тұр қуаныштан қарашығың.
Қартаю әп-әдемі қандай ғажап,
Бойға жиып әлемнің бар асылын.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара меңің өлеңінің авторы кім?

Раиса Жанайдарқызы — осы өлеңнің авторы.

Қара меңің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара меңің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Раиса Жанайдарқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара меңің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері