Тереңдік – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тереңдік» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1497
Дала шарлап шілдеде,
шөлдеп келе жатқан ем.
Айдын кезген Күн – кеме
қоналқы жай тапты әрең.
Аңқам кеуіп мен келем,
ұрттам суға зар болып.
Серік қылған желменен
қашан бітер шаң қорық.
Жатса сусыз жылап маң,
ән түгілі, жан қайғы.
Тұзды сорлар жырақтан
айдынға ұсап арбайды.
Дала зәмзәм кәусарын
қойған терең жасырып.
Оны алуға қанша күн
жер қазасың бас ұрып.
Түсіп мұнша сарсаңға,
жанды неге қуырам –
болмай ма нәр алсам да
сордың ащы суынан?
О, тереңдік, жанды үгіп,
жатпас елеп сені ешкім.
Қуат берер мәңгілік
кәусарыңа не жетсін!
1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тереңдік өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тереңдік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тереңдік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тереңдік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері