Айналғам мен елеске сенiң үшiн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Айналғам мен елеске сенiң үшiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Айналғам мен елеске сенiң үшiн,
Демейсiң: «Тiрiмiсiң, өлiмiсiң?»
Титтей де селт еткiзбес сезiмiңдi
Жеңiсiм, тiрлiктегi жеңiлiсiм.
Көрiктiм,
Көз тоярлық көргендiм-ай,
Төменге түссең еттi төрден былай?
Мұзтаулар қозғалса да мызғымайтын
Мiнездi бiр өзiңе берген құдай.
Адымы аяқ басса, терiс келiп,
Пендеге қонбайды екен перiштелiк.
Жүрегiң маған деген суи-суи
Бүгiнде қалған шығар берiш болып?!
Өзiңмен екен ғой деп бақ келiстi,
Еске алдым талма құшақ, тəттi өбiстi...
Байқалмай, түс пе, құс па, сол ғажап кез
Басымнан, əттең, ұшты, əттең, ұшты...
Бойыма демi дарып, емi сiңген
Ерте өнiп, кештеу пiскен жемiсiм ең..,
Елеңдеп, елегiзiп, елесiңдi
Iздеймiн көшедегi көп iшiнен.
Ашылып қарсы алдыңнан ғажап есiк,
Көңiлiңнен кеттiм бе екен таза көшiп?
Тiрiдей менi өлтiрiп алғаннан соң
Үйде, əлде жатырмысың, аза кешiп?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналғам мен елеске сенiң үшiн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Айналғам мен елеске сенiң үшiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналғам мен елеске сенiң үшiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналғам мен елеске сенiң үшiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері