Жетінші тыныс – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жетінші тыныс» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 930
Кекжең етті тым ерғашты
Ыңыршақ,
Иесі ерттеп, қойға мінбек құрым сап.
Майқанынан жарылайын деп тұр-ау,
Өндіршектен көк кездікпен бір ұрсақ.
Ойлап тұрса
Ал, ертеңгі жай құрдым...
Шөбі шүйгін біле алмады қай қырдың?
Құйрығы да құйрық емес,
Құр собық,
Азуында кетті ме екен айғырдың?
Қанша шапсаң – танытпайды қызғандық,
Ит-құсың да бас салар-ау
Ізді аңдып.
Ақиланып, қамшы көмсең – шыжбаңдар,
Мәстекінің табиғаты – шыжбаңдық.
Жал бітпейді жалғанда бұл жабыға,
Сол бір митың,
Жаны сірі тағы да.
Қос құлағын қайшылауды білмейді,
Жымырады, тауқыметтің табы да.
Өмірінде қаншалықты мағына...
Артын берер, сәл таянсаң маңына:
Саған деген ерғаштылық...
Қаға алмас,
Қанша сона қадалса да шабына.
Сүрінеді шиге де сол шалынып,
Оқыранбас, бір дүбірді сағынып.
Изең-изең жүрісі де жексұрын,
Қасиетін жоғалтпайды
Жабылық.
... Қазы бітсе қабырғаға жұқалап,
Жаман неме жуастықтан жұтамақ.
Торсық байлау былай тұрсын
Жанына,
Ер салғызбас кежірліктен бұ талақ.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жетінші тыныс өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жетінші тыныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жетінші тыныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жетінші тыныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері