Тас емес, еттен жаралған
Бұл бетте «Тас емес, еттен жаралған» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тас емес, еттен жаралған,
Жүрегім сені аядым.
Заманым мынау аларған.
Шошаңдатады таяғын.
Ешкімді көргім келмейді,
Жақсысын, тіпті жаманын.
Амал не, өлгім келмейді,
Алынбаған соң қамалым.
Байлығын қайтем, ол емес,
Мен күткен бақыт көктемім.
Сұрадым, бірақ көп емес,
Бүтінделсін деп көп кемім.
Жанымның сезсем қорегін,
Иілгені де тағдырдың.
Баладай аңғал өлеңім,
Есімнен неге тандырдың.
Түсімде сені көп көрем,
Бақытқа ұқсас бір арман.
Өртеніп кетсін от денем,
Күткенде ғажап күн алдан.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі