Қобызымды кеште сарнаттым – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Қобызымды кеште сарнаттым» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 597
Қобызымды кеште сарнаттым,
Халқымның мұңын паш қылған.
Сыңғырлаған сауытындай сарматтың,
Сарыала саф алтынды жапсырған.
Қобызымнан дастан тыңдаттым,
Ол аумады тасқыннан.

Сыбызғымды бейуақытта сыңсыттым,
Самалдай шөптің басын тербеді.
Шықтарды шөптің көзінен ыршыттым,
Тамшыдай тәтті болды шөлдегі.
Тереңге бойлаймын деп тұншықтым,
Шыңыраудан көкке өрледім.

Қамыстың сабағындай гуілдеп,
Көкірегіне шер толып.
Шаңқобыз бенен уілдек,
Сөйледі маған жел болып.
Төбеде тұрды Күнім тек,
Алтын нұрымен көмкеріп.

Домбырамның бұрауын келтірдім,
Ол жеңіс күйін тарта жөнелді.
Бір ұлыған ойды өлтірдім,
Іште қыңсыламайды ол енді.
Кеудемді ақ толқындарға толтырдым,
Дүниеге әкелдім өлеңді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қобызымды кеште сарнаттым өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Қобызымды кеште сарнаттым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қобызымды кеште сарнаттым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қобызымды кеште сарнаттым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері