Мен өзенді айна қылдым – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Мен өзенді айна қылдым» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 743
Мен өзенді айна қылдым,
Бір періште жанары алаң.
Шағылыстырып Айға нұрын,
Айнасынан қарады маған.

Жүрегіме мың қуаныш қондырдым,
Сыбырладым ол жайлы далама.
Жүрегімнің түкпірінде ол тұрды-
Жанымнан да жақын жан аға.

Бейнесін оның Айға іліп қойдым,
Менен өзгелер көре алмасын деп.
Аймалап іштей айналып тұрдым,
Айменен күндіз жоғалмасын деп.

Көзіміздің сәулелері,
Кезікті де шағылысып қалды.
- Жоғалта көрме сен де енді мені,-
Деді ол маған: - Табыстық мәңгі.

Жассыз жылайтын, жанары құрғақ,
Жүрегімді алдасам ба екен?
Бейне жасадым бәрінен ұрлап,
Айдың бетінен құлатып алмасам екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен өзенді айна қылдым өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Мен өзенді айна қылдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен өзенді айна қылдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен өзенді айна қылдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері