Қанаттыларға қызығам – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Қанаттыларға қызығам» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 669
Тақ мініп шың мен құзынан,
Қағатын кездей қанатын.
Қанаттыларға қызығам,
Жерден көтеріле алатын.

Құшақтап дауыл, желін де,
Қанаты сынға шыдайтын.
Әуелеп алып көгінде,
Құласа көктен құлайтын.

Күнәсі көп қой пенденің,
Қанатты Құдай кимаған.
Табанын қадап Жерге оның,
Қиялды ғана сыйлаған.

Өздері қолдан құраған,
Бұза алмай тап- тар шеңберін.
Өздерін санап ұлы адам,
Санайда Құдай өздерін.

Шығуға одан шарасыз,
Шеңбердің кіл құл-құтаны.
Өздері улап ауасын,
Өздері соны жұтады.

Шеңберді ғана жағалар,
Қамыты құлдың жүр қажап.
Түтін ыстаған қалалар-
Қолдан жасалған кіл тозақ.

Құрт ауруымен жөтелген,
Қоқыс патшалығы қоғамы.
Аспандап ұшып кетерме ем,
Аласалардан жоғары.

Қыран боп ұшсам төбеде,
Болса ғой сонда бәрі аң- таң.
Қанаттар өсіп келе ме?-
Сыздайды кейде жонарқам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанаттыларға қызығам өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Қанаттыларға қызығам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанаттыларға қызығам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанаттыларға қызығам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері