Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 872
Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем,
Нұрменен егіз жанымда менің жарық көп.
Жанына бірдің ондық шамдай боп төгілсем,
Мыңдарды мейлі тастамасам да қарық қып.

Жарығын оның жел менен сыздан қалқалап,
Жырымның жайын ойлаймын- дағы жүдеймін.
Түнекке қара кетпесем екен арқалап,
Жер бетінде нұрландыра алса екен біреуді.

Ондық шамдардың сөнетін кезде жарығы,
Таңмен таласа, құйылып кетсем қырларға.
Сәулелі жырым сөнбейді-ау сірә, тамыры,
Аспандағы анау Күнмен жалғанған нұр барда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарығымды деймін жалғыз, жартымен бөліссем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері