Батыстың «қақпасы» – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Батыстың «қақпасы»» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 736
Батысты біреу «мәдениеттің қақпасы» деді,
Сол қақпадан енуден сақтасын.
Батыстың саталақ бояудан баттасқан өңін,
Қызықтап, көзімді сатпаспын.

Батыстың дәстүрі мен салтынан,
Таба алмай дағдардым мазмұн түк.
Жалаңаш төстер мен бөкселер артынан,
Сығалап қарайды азғындық.

Сайтан мен сапалақ жиыла,
Жезтырнақ бір-бірін шашынан сүйрейді.
Лыпасын беліне іліп ап, тамұқтың күйіне,
Гомосапиенс билейді.

Ібіліс дұғасын оқиды, үнінде кекесін,
Қара магия, қан және сиқыр жайында.
Албасты қияды некесін,
Еркек пен еркектің үйлену тойында.

Тірі роботтардың жүрегі болмайды,
Милары- доллардың қиқымы.
Жатса- тұрса долларын ойлайды,
Ұмытып ұйқыны.

Батысты біреу «мәдениеттің қақпасы» деді,
Сол қақпадан енуден сақтасын.
Шырайлы жүзінде ұяттың қызылы сембеген,
Шығысқа бұрдым ат басын.

Шығыстан шығады Күн күліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батыстың «қақпасы» өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Батыстың «қақпасы» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батыстың «қақпасы» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Батыстың «қақпасы» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері