О бастан-ақ өзімшіл – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «О бастан-ақ өзімшіл» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2507
О бастан-ақ өзімшіл,
Меншіл емен.
Тіл таба алам қойшымен,
Елшіменен.
Балықшымен бір шығып көк теңізге,
Жер астына бір түстім кеншіменен.
Ұзын демен жолымды,
Қысқа демен.
Жазда келем ауылға,
Қыста келем.
Келген сайын
Болатқа жан бітірген
Бір сырласпай кетпеймін ұстаменен.
Танысуға жас кезде жасқана ма?!
Талай ермен сырластым астанада.
Түс кезінде
Сылақшы жеңгейлермен
Бірге тұрдым кезекте,
Асханада.
Біз қазақпыз қыз баққан,
Ұл өсірген.
Жан емеспін төс ұрып,
Бір есірген.
Қатар кірдім сан мәрте трамвайға
Техникпен,
Монтермен,
Слесарьмен.
Ақын ба екен,
Әкім бе,
Ұлық па екен?
Деп ойлардай
Көрсетпен қылық бөтен,
Түбінде мен
Сорпаға салған тұздай
Қалың елдің ішіне сіңіп кетем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О бастан-ақ өзімшіл өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

О бастан-ақ өзімшіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О бастан-ақ өзімшіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О бастан-ақ өзімшіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері