Кішілік – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Кішілік» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2272
Шығарып күміс кірпік Күнді іргеден,
Өткенін жиырма бестің білдірмеп ең.
Қырыңда қалған жалын шағымды ойлап,
Жайым бар сезім отын күнде үрлеген.
Өмірім аумаса да екіндіге,
Керуенім жаңа бұрды бетін Күнге.
Төсіңе іздерім де көп түскен жоқ,
Тұсауым менің кештеу кесілді де.
Сіміріп самалыңды жанға дәрі,
Ауаңмен қасиетің жанға дарып.
Тебісіп телқұлындай өскен достар,
Егін caп, машина айдап, мал бағады.
«Атқамін, әйтпесе, бұл «бұзылғаның»,
Қайтерсің деп бірінің сызылғанын.
Тақайды енді бірі танауыма,
Қырманның көсіп алып қызыл дәнін.
Елтимін, қараймын да дала жаққа,
Толады көңіл шіркін қанағатқа.
Ауылым, мені дәйім дәмің ұрсын,
Қалдырар болсам сені жаманатқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кішілік өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Кішілік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кішілік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кішілік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері