Бұл бетте «Маң төбет еді Бөріала қораға сақ» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Маң төбет еді Бөріала қораға сақ,
Арсалаңдап шығады бара қалсақ.
Бейшараны мінетін,
Көнетұғын,
Тоқым-терлік үстіне балалар сап.
Шұрылдасып жататын қаумалап ап,
Мизымайды арлан ит – «аумаған ат».
Ұмтылатын кенеттен жыға-мыға,
Құлдиласа салт атты тау жағалап.
Боқжамаға толы үсті далбаңдаған,
Ат үркітер киімдер салбаңдаған.
«Жүгенделген», «ерттелген» итті көріп,
Күлетұғын келгенде малдан ағам.
Құла түздің ықтырдың абалағын,
Бір кісідей түсіндің дала мәнін.
Жоғалдың да жым-жылас, бірге әкеттің –
Бақ-дәулетті үйдегі, сабалағым...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі