Сәуле – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Сәуле» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1433
Сәуленің тоңды ызғарға жаны,
Көрік еді ол Күндегі.
Жылап ағатын жұлдыздардағы,
Жарық еді ол түндегі.

Жылуын бәріне дарытты,
Жылуын мүлдем аямады.
Аймалады тоңғанды- ғаріпті,
Құшағын баршаға жаяды әлі.

Жанарынан жылуын жоғалтқандардың,
Жанарына от берді, жандырды.
Жоғалтқандардың оралтты әнін,
Көгіне көктемін әкеп қондырды.

Ал өзі тоңды, қорған іздеді,
Сәуленің тоңатынын ешкім сезбеді.
Қылтиды гүл болып іздері,
Өзін жылыта алмады, жылытты өзгені.

Сәуле деп атын айтуың шын,
Әлі де Жерді әрлейді, гүлдетеді.
Қуат алып қайту үшін,
Ол енді Күнге кетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәуле өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Сәуле өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәуле өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәуле өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері